jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бес тіл білетін министрлер кімдер

    Кеңсе2
    Көрнекі фото: pexels.com

    Сарапшылар министрлердің тіл білу рейтингін жасады. Оның қорытындысы бойынша 18 министрдің жетеуі ғана ағылшын тілін білетіні анықталды. Олардың ішінде нағыз полиглоттары сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев деп хабарлайды Ranking.kz.

    Көш басында қазақ, ағылшын, орыс, кәріс және жапон тілдерін білетін Мұхтар Тілеуберді және қазақ, орыс, ағылшын, қытай, португал тілдерін меңгерген Нұрлан Ермекбаев тұр.

    Рейтинг бойынша төрт тіл білетіндер қатарында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бар.

    Министрлер
    Фото: ranking.kz

    Сайт сарапшылары сала басшыларының жетеуі ағылшын тілін білмейтінін жазған.

    Олардың қатарында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бар. Олар тек қазақ және орыс тілін меңгергені айтылған.

    Алайда білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы түзету енгізіп, Асхат Аймағамбетовтың ағылшын тілін білетінін, халықаралық сарапшылармен еш аудармашысыз кездесу өткізетінін жеткізді.

    Ал төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тек орыс тілін жетік білетін болып шықты.

    Сарапшылардың сөзінше, аталған министрлердің ағылшын тілін білмеу себебі олардың отандық ЖОО-да білім алуына байланысты.

    Олардың пікірінше, бүгінде елде ағылшын тілін оқыту айтарлықтай төмен деңгейде.

    2020/2021 оқу жылы мемлекеттік тілде оқып жатқан ЖОО студенттерінің үлесі 64,9%, орыс тілінде — 29,6%, ағылшын тілінде — 5,5%.

    Бес тіл білетін министрлер кімдер

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.