jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Әл-Фараби даңғылымен жүріп өткен әскери техника алматылықтарды шошытты (видео)

    фото
    Көрнекі фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Алматы жолдарында әскери техника көзге тұсті. Қала тұрғындары әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп өткен әскери көліктерді видеоға түсіріп алып, желіде жариялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео бүгін, 14 сәуір күні әл-Фараби даңылында түсірілген. Кадларда сегіз көліктің кетіп бара жатқаны көрінеді.

    "Әл-Фараби, таңғы алты. Бұл қандай қарбалас?", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

    Мемлекеттік күзет қызметі кезекші бөлімінен NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қалада жоспарлы арнайы техникалық жаттығулар өтіп жатыр.

    Еске сала кетсек, 2021 жылдың 11 ақпанында Орал маңындағы ауылда тұрған мергендер мен әскери техника тұрғындардың үрейін ұшырған еді. Бейнежазбада патрульдік көліктердің ауылдағы ғимараттың бірін қоршап алғанын көрсетілген. Жауынгерлік оқ-дәрілермен қамтылған арнайы жасақ сарбаздары да бар. Автокөліктердің төбесінде мергендер отыр.

    Алайда бұған қатысты пікір білдірген өңірдің полиция департаменті алаңдауға еш негіз жоқ екенін, бұл маңда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Айта кетсек, бұған дейін Алматыда Ritz Carlton қонақ үйінің шатырында VIP-кортежді қорғап тұрған мергендер видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

    Сол кезде Алматы қаласы полиция департаменті бейнежазбаға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартқан болатын.

    Әл-Фараби даңғылымен жүріп өткен әскери техника алматылықтарды шошытты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.