Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қонақ үйдің шатырында VIP-кортежді қорғап тұрған мергендер видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Мергендер
Видеодан кадр: NUR.KZ / куәгерлер

KAZ.NUR.KZ редакциясына куәгерлер Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйінің шатырында тұрған мергендердің видеосын жолдады.

Бейнероликтегі кадрдан бірнеше автокөліктен құралған кортеждің шлагбаумнан өткені көрінеді. Түсірілім әл-Фараби даңғылындағы Esentai Tower бинез-орталығынан жүргізілген.

Видеоға түсіп қалған мергендердің операторға қарама-қарсы бетте бірдеңені бақылап тұрғаны байқалады.

Сонымен қатар видео Instagram-дағы бірнеше парақшада да жарияланған.

"Автор барлық мергендерді ұстап берді", "Мына үйдің тұрғындары өздерін мергендердің қарауылдап тұрғанынан да бейхабар", - дейді желі қолданушылары kris.p.online парақшасында.

Ал Алматы қаласы полиция департаменті бұған қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Алматыға ұшып келген еді. Оның 5 ақпанда өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкімет басшыларының кездесуіне қатысатыны хабарланған.

Сонымен қатар жиынға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлері қатысады деп жоспарланған.

Ресейлік министрлер кабинетінің ақпаратына сәйкес, тараптар ЕАЭО жұмысы, ішкі нарық, кедендік-тарифтік реттеу, инновациялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылайды.

Қатысушылардың бәрінде коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПЦР анықтама болуы міндетті.

Денсаулық министрлігі кездесу кезінде санитарлық талап қатаң сақталатынын айтты.

Бұдан бөлек, ведомство маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сынды талаптар да сақталатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897583-almatyda-qonaq-uidin-satyrynda-vip-kortezdi-qorgap-turgan-mergender-videoga-tusip-qaldy/

pixel