jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев: Елімізде жаңа мерекені ресми түрде бекіткен жөн

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтау барысында елімізде тағы бір жаңа мерекені ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

    Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайтынын айтқан президент ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала екеніне баса назар аударды.

    "Халықтың көзі, құлағы һәм тілі" ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер...Мен мемлекет пен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген журналистердің еңбегін жоғары бағалаймын", - деп жазған президент құттықтауында.

    Мемлекет басшысы осы орайда тағы бір мерекені ресми түрде бекіту керектігін сөз етті.

    "Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын. Еліміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында өсіп-өркендей түссін! Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін! Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!", - деп жазды Тоқаев.

    Еске салсақ, бұған дейін шілде айында қазақстандықтарды екі мереке мен екі мерекелік демалыс күтіп тұрғанын жазған едік. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар келесі айда 11 күн, ал алты күн еңбек ететіндер, сәйкесінше 6 күн демалады.

    Тоқаев: Елімізде жаңа мерекені ресми түрде бекіткен жөн

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.