jitsu gif
Саясат

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды
    Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

    Конституция күніне орай 15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды.

    "Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оң істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты (3 мыңға жуық пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспалануда" , - деді аймақ басшысы.

    Пәтер кілтіне ие болған тұрғындар атынан сөз алған Жазира Байкулова көпшілік атынан алғысын жеткізді.

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды
    Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

    Сонымен қатар, Таразда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

    Д.Қарбышев атындағы №16 мектептің жаңа ғимаратының ашылу рәсімінде сөз алған өңір басшысы ағымдағы жылы облыста 21 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін 11-і, жаңа оқу жылына орай 7-еуі пайдалануға берілетінін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау жыл санап артып жатқанына тоқталды.

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды
    Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

    Нысан құрылысын «Сұңқар2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ал жаңа ғимараттың сыйымдылығы 700 орынға жоспарланған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

    Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де айрықша көңіл бөлінген. Мектеп аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған.

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды
    Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

    Сонымен қатар білім беру мекемесіне жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, «Шахмат тақтасы», «Мак», «Лабиринт» секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Аталған білім ордасының директоры Жанна Оңғарбаеваның айтуынша, биыл мектеп табалдырығын 1410 оқушы аттайды.

    Таразда 180 отбасы баспаналы болды
    Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.