jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жамбылдағы жарылыстан кейін оқ-дәрі сақталған елдегі барлық қоймалар тексерілмек

    Оқ
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің барлық қоймасындағы оқ-дәрілердің сақталу шарттарын тексеретін комиссия құрды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

    Ведомстоның мәліметінше, комиссияға Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық етеді.

    "Шешім Жамбыл облысында орын алған оқиғаға байланысты қабылданды. Алғашқы сәттен бастап-ақ қорғаныс министрі өрт салдарын жою жұмыстарын ұйымдастырып, оқиғаның туындау себептері мен мән-жайын талдады", - делінген хабарламада.

    Бұрынғы министр генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың аппарат кеңесінде айтуынша, Қорғаныс министрлігі Арыста болған өрттен кейін бұндай оқиғаларды болдырмау үшін кешенді шаралар қабылдаған.

    Сондай-ақ, Қарулы күштерде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жүзеге асырылып, 30 жыл ішінде алғаш рет оқ-дәрілерге толық түгендеу жүргізілген және екі сақтау базасының құрылысы ұйымдастырылған.

    Ермекбаевтың сөзінше, қабылданған шараларға қарамастан, бірқатар тапсырмалардың өз деңгейінде орындалмауы Жамбыл облысындағы оқиғаның себебі болуы да мүмкін.

    "Оқиғаның шынайы себептері мен кінәлілерді тергеу жұмыстары анықтауы тиіс", - дейді қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы.

    Сонымен қатар, министрлік оқ-дәрілерді сақтау объектілері режимдік екенін ескере отырып, комиссия жұмысына кеңесшілер ретінде тәуелсіз және білікті сарапшыларды, оның ішінде Қарулы күштердің ардагерлерін тарту тапсырылғанын атап өтті.

    Комиссия оқ-дәрілерді сақтау жағдайына объективті баға беріп, барлық кемшіліктерді анықтауға және оларды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал етпек.

    Жамбылдағы жарылыстан кейін оқ-дәрі сақталған елдегі барлық қоймалар тексерілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.