jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ақпарат министрлігі ұсталған БАҚ өкілдеріне қатысты әрбір жағдайды мұқият тексереді

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы уәкілетті орган және әрқашан БАҚ өкілдерін қолдау жөніндегі ұстанымдарды ұстанады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Министрлік дерегінше, бүгінгі таңда ел аумағында БАҚ өкілдері үшін тиісті айырым белгілері бекітілген бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) қызметінің қағидалары қолданылады.

    Оның ішінде кеудеше, жеңдегі таңғыш, жапсырма - журналистің айырым белгілерінің нысандары бар.

    "Көрсетілген айырым белгілерін тағып жүру кезінде олардың анық көрінуін қамтамасыз ету қажет. Министрлік БАҚ өкілдерін ұстап алудың әрбір жағдайын мұқият тексереді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, ұстап алудың барлық фактілері бойынша тексеру жүргізіліп, зерделенуде.

    Ұстап алу фактілерін анықтаудағы негізгі проблемалар журналистерде айырым белгілерінің болмауы болып табылады, бұл оларға қатысты кәсіби қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат беруде проблема тудырды.

    Бұдан басқа, оқиғалардың көрсетілген кезеңінде БАҚ-тың жекелеген өкілдері Қазақстан Республикасында "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңнаманы бұзу фактілері бойынша, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттері және тікелей өздерінің кәсіби қызметтерін жүзеге асырмағаны үшін ұсталды", -деді ведомство.

    Министрлік төтенше жағдай режимінің талаптарына түсіністікпен қарауға және қатаң сақтауға, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды жария ету кезінде журналистердің айырым белгілеріне ие болуға шақырады. Аталған мәселе министрліктің тұрақты бақылауында. 

    Ақпарат министрлігі ұсталған БАҚ өкілдеріне қатысты әрбір жағдайды мұқият тексереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.