jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Скляр Алматы әкімдігін қайта жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

    Алматы
    Фото: Марат Қалдыбаев

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәжілісте қаңтар оқиғасынан кейінгі шығынның жалпы сомасын баяндады. Сондай-ақ, қирап қалған нысандар қашан қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Роман Скляр Үкімет жергілікті әкімдіктермен және ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік органдардың объектілерін қалпына келтіру және тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    "Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің 8 облысында мемлекеттік органдардың 42 ғимараты бүлінді. Олар Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 28 млрд теңге республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге жұмсалды", - деді ол.

    Роман Склярдың айтуынша, барлық нысан бойынша техникалық тексеріс жүргізілген.

    "Бүгінгі таңда 21 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. Наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, қалған 2 нысан мамыр және маусым айларында жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу және қайта жарақтауды қажет ететін 14 мемлекеттік нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Кестеге сәйкес, 7 ғимарат бойынша жөндеу жұмыстар ынаурыз айында, 5 нысан бойынша ағымдағы жылдың маусым айында аяқталады. Елеулі зақымдарды ескере отырып, Алматы әкімдігі мен "Қазақстан" РТРК ғимаратын реконструкциялау 2022 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде", - деп қорытындылады Роман Скляр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.