jitsu gif
Саясат

    Президент: Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жасаған жолдауында халықты Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар, президент ең басты жетістігіміз - Тәуелсіздікті сақтауымыз қажет екенін баса айтты.

    "Біз басты байлығымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, ұлттық бірегейліктің іргетасын нығайтып, елді трансформациялауға жұмылуымыз керек. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымыз", - деді мемлекет басшысы.

    Сондай-ақ, Тоқаев азаматтарымыздың ертең емес бүгін бақытты өмір сүргенін қалайтынын атап өтті.

    "Азаматтардың ертең емес бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең маңыздысы - еліміздің егемендігі. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады", - деп жолдауын аяқтады президент.

    Президент: Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.