jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Ұлттық құрылтайдың міндеті мен құрамын бекітті

    офис
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент жанындағы ұлттық құрылтай құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

    Жарлыққа сәйкес Президент жанындағы ұлттық құрылтай туралы ереже, оның міндеттері мен құрылтайдың құрамы бекітілді.

    Құжатта белгіленгендей, Ұлттық құрылтай президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты - қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.

    Президент жарлықта Ұлттық құрылтайдың келесідей негізгі міндеттерін бекітті:

    • қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;
    • жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;
    • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.
    • Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.

    Ұлттық құрылтай құрамы:

    • Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, төраға;
    • Ерлан Тынымбайұлы Қарин - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төрағаның орынбасары;
    • Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай - "Бас редакторлар клубы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары;
    • Аида Ғалымқызы Балаева - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, хатшы.

    Ұлттық құрылтайдың басқа да мүшелерінің тізімін Ақорданың ресми сайтынан қарауға болады

    Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

    Тоқаев Ұлттық құрылтайдың міндеті мен құрамын бекітті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.