jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Депутат елорда күнін тойлау датасы қайта қаралуы мүмкін екенін айтты

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова парламент кулуарында елорда күнін тойлау датасын қайта қарауға бола ма деген сұраққа жауап берді. Қазір бұл күн 6 шілде - тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшсі.

    Ақмарал Әлназарова Қазақстан елдің демократиялық даму жолын таңдағанын және авторитарлық модель элементтерінен алыстау керек екенін атап өтті.

    "Бұл мәселе шешіледі (1 желтоқсанда Тұңғыш президент күнін тойлаудан бас тарту –ред). Ол қайта форматталуы мүмкін, бірақ жалпы иә, қазіргі тетіктер өзекті емес", – деп атап өтті ол.

    Сенат депутаты елорда күнін тойлау датасын қайта қарау мүмкіндігіне қатысты да пікір білдірді.

    "Елорда күні керек, не қайта қарамасқа? Бірақ бұл болашақтың еншісінде", - деді ол.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда Астана күні қалай атап өтілетінін жазған едік.

    Депутат елорда күнін тойлау датасы қайта қаралуы мүмкін екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.