jitsu gif
Саясат

    "Аумағы 36 мың гектарды құрайды": Шымкентте тағы бір аудан құрылатын болды

    Құжат
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясында депутаттар "Шымкентте бесінші аудан құру туралы" ұсынысты бір ауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Басылым мәліметінше, жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құрайды. Аудандағы тұрғындар саны шамамен 200 мыңнан асады.

    Жаңа ауданға қандай атау берілетіні әзірге белгісіз. Бұл мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес алдағы сессияда республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылмақ.

    Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласының аумағында Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай аудандары әкімдіктері болған.

    "Бесінші ауданды құру қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді", - дейді әкімдіктегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.