jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды: мемлекет басшылығына кімдер үміткер

    Референдум өткізу
    Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 21 қазан күні Қазақстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, сайлау науқаны басталды. Орталық сайлау комиссиясы кімдерді сайлау додасына үміткер ретінде тіркегені KAZ.NUR.KZ материалында.

    Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттарды тіркеу ресми түрде аяқталғанын хабарлады.

    Президенттікке кандидаттарды іріктеуден ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова және Нұрлан Әуесбаев өтті.

    Айта кетейік, президенттікке кандидатты іріктеуге 12 адам қатысты. Үшеуі президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмеді. Тағы үшеуі кандидаттарды тіркеу кезеңінен өте алмады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев

    Тоқаевтың кандидатурасын құрамына бірнеше партиялар мен қоғамдық бірлестіктер кірген Халықтық коалиция ұсынды. Қасым-Жомарт Кемелұлы 69 жаста. Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Қазақстан парламенті сенатының төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары болды.

    Мейрам Қажыкен

    61 жастағы Павлодар облысының тумасы экономика ғылымының докторы, профессор, Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры. Экономика министрлігінде, Көлік және коммуникация министрлігінде, сондай-ақ премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеген. Оның кандидатурасын президенттікке "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.

    Жигули Дайрабаев

    "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының 68 жастағы мүшесі (аталған партия оны президенттікке кандидат етіп ұсынған) "Атамекен" ҰКП Төралқасының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы. Әр жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында, статистика басқармасында жұмыс істеген, "Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ Жамбыл филиалын басқарды.

    Қарақат Әбден

    Қарақат Әбден 7 қазанда ОСК-ға құжаттарды тапсырған. Оның кандидатурасын президенттікке "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымы ұсынды. Сонымен қатар, ол қоғамда түрлі пікір тудырған "Сен қазақсың. Мақтан!" атты кітабымен танымал.

    Салтанат Тұрсынбекова

    Тұрсынбекова 56 жаста. Осы жылдар ішінде мемлекеттік органдарда, Жоғарғы Сотта жұмыс істеген, Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі және "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі. Ана мен баланы қорғауға белсене араласады. Салтанат Тұрсынбекованы "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.

    Нұрлан Әуесбаев

    Нұрлан Әуесбаев 65 жаста. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы. Мамандығы бойынша – заңгер-экономист. Оны Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) ұсынды.

    Қазақстан президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды: мемлекет басшылығына кімдер үміткер

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.