Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК: Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған үш адам тіркеуден өтпеді

Опубликовано:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында президенттікке кандидат ретінде ұсынылған үш адам тіркеуден өтпей қалғаны белгілі болды. Хайролла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизақова президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай емес болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжаттарды тексеру үшін ОСК мемлекеттік органдарға тиісті сауалдар жолдаған.

Нәтижесінде Хайролла Ғабжалиловтың Қазақстан президенттігіне кандидаттарға қойылатын екі талапқа сай емес екені анықталған.

Біріншіден, ол - тумысынан Қазақстан республикасының азаматы емес, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Қазақстанда соңғы 24 жылда тұрып жатыр. Екіншіден, Ғабжалиловтың мемлекеттік қызметте тәжірибесі жоқ.

Еске сала кетейік, 72 жастағы Хайролла Ғабжалиловтың кандидатурасын "Асар" оралмандар қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы ұсынған болатын.

Талғат Ерғалиев те президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай емес болып шықты. Себебі, оның мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеткіліксіз, ол бар болғаны үш жарым жыл мемлекеттік қызметте болған.

Айта кетейік, Ерғалиевті "Қазақстан құрылысшылар одағы" ұсынған болатын.

ОСК Фатима Бизақованы да президенттікке кандидат ретінде тіркеген жоқ. Себебі, оның мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Фатима Бизақова "Тәжірибелік психология" РҚБ атынан ұсынылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992513-osk-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-retinde-usynylgan-us-adam-tirkeuden-otpedi/

pixel