jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжат тапсырды

    Жигули Дайрабаев
    Жигули Дайрабаев. Фото: Facebook / Жигули Дайрабаев

    Жигули Дайрабаев 5 қазанда ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынылуы туралы құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды, деп хабарлайды ОСК ресми сайтында.

    ОСК хабарламасында Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы айтылады.

    Дайрабаев келесі құжаттарды ұсынған:

    1. "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

    2. Ж.М. Дайрабаевтың Қазақстан президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

    3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

    4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.

    Жигули Дайрабаевты 30 қыркүйекте "Ауыл" партиясы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынғанын хабарлаған болатынбыз. Ол - "Атамекен" ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы.

    Еске сала кетейік, Мейрам Қажыкен президенттікке үміткерлердің ішінде бірінші болып ОСК-ға құжат тапсырған болатын. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

    Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжат тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.