jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Дулат Исабеков Қазақстанның Еңбек Ері атанды

    Дулат Исабеков
    Дулат Исабеков. Фото: YouTube/Nartai Aralbaiuly

    Бүгін Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды. Рәсімде президент жазушы Дулат Исабековке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді, деп хабарлайды Ақорда.

    "Қазақстан Республикасы әлеуметтік-гуманитарлық дамудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін жазушы Дулат Исабековке жоғары дәрежелі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен Отан ордені тапсырылсын", - делінген жарлықта.

    Айта кетейік, Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

    Дулат Исабеков Қазақстанның Еңбек Ері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.