jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

    Әлихан Смайылов
    Әлихан Смайылов. Фото: Үкіметтің Telegram арнасы

    Ел заңнамасына мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    ”Қазіргі уақытта ”Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы“ Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді”, - деп атап өтеді үкімет басшысы.

    Премьер-министрдің айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер парламент депутаттары бастама жасаған ”Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ заң жобасы бойынша парламент депутаттарының түзетулеріне, үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.

    Айта кетейік, мәжіліс депутаттарының сауалында қоныс аударушылардың қос азаматтығын тексеруге және құқықтық іс-шаралар қабылдауға қатысты мәселелер көтерілген болатын.

    Мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.