jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Татарстан президентімен кездесті (фото)

    Рустам Минниханов және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Рустам Минниханов және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Республикасымен тауар айналымы биыл 9 айда 466 миллион доллардан асқанын айтқан.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы байланыстар нығайып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президентімен кездесуде
    Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президентімен кездесуде. Фото: Ақорда

    Өз кезегінде Рустам Минниханов Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтаған.

    Сонымен қатар машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатқанын айтып, Татарстан компаниясы еліміздің Саран қаласында салған шина зауытынан бүгін алғашқы өнім шыққанын атап өткен.

    Зауыт келесі жылы толық қуатта жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 миллион дөңгелек шығарады. Зауытта 1,1 мың жұмыс орнын ашу қарастырылған, инвестиция көлемі – 400 миллион доллар. 

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өзара серіктестікті одан әрі нығайтудың маңызды екеніне тоқталып, еліміздегі бірлескен жобаларға қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін жеткізген.

    Тоқаев Татарстан президентімен кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.