jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Қазақстанның үш елдегі елшісін тағайындады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Liter.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Президент жарлығымен:

    • Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
    • Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
    • Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

    Сондай-ақ Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.