jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Гүлмира Кәрімованың қайтыс болуына байланысты жаңа сенаторды қашан сайлайды

    Шенеунік11
    Көрнекі фото: pexels.com

    Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары (ОСК) Константин Петров ведомство отырысында Гүлнәр Кәрімованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты жаңа сенаторды қашан сайлайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Константин Петров Гүлнәр Кәрімованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Кейін Солтүстік Қазақстан облысынан сенатта жаңа өкіл болатынын атап өтті.

    "Сенат депутатының қайтыс болғанына байланысты өкілеттігі тоқтағаннан кейін, екі ай ішінде ОСК, осы өңірден шыққан депутаттың орнына сайлау өткізуге тиіс. Сайлаушылар болмағандықтан мәслихаттар таратылды, ал сайлаудың өзі мәслихаттар құрамын сайлағаннан кейін, яғни 19 наурыздан кейін ғана мүмкін болады", - деп атап өтті спикер.

    Оның сөзінше бұл сайлауды екі ай ішінде өткізу қажеттілігі туралы заң нормасына қайшы келмейді.

    Айта кетейік, бүгін жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімова 45 жасында мезгілсіз дүниеден өткені белгілі болған еді. Сондай-ақ сенат депутаты алдын ала болжам бойынша, "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылғаны анықталды.

    Гүлмира Кәрімованың қайтыс болуына байланысты жаңа сенаторды қашан сайлайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.