jitsu gif
Саясат

    Қорғаныс министрлігі қанша қазақстандық әскери қызметтен жалтарып жүргенін айтты

    Жауынгерлер
    Жауынгерлер. Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

    ОКҚ өткен брифингте ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бағыттаушы аға офицері Руслан Тапашев қанша қазақстандықтың әскери борышын өтеуден жалтарып жүргенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Руслан Тапашев қандай да бір себептермен Отан алдындағы борышын өтемеген ерлердің саны туралы соңғы деректерді жариялады. Оның айтуынша, әскери комиссариаттардың қызметкерлері бұл азаматтарды түрлі себептермен таба алар емес: біреуі жұмыс орнын ауыстырған, бірақ жаңа қызметі себепті әскери есепке тіркелмеген немесе шақыру қағазын алғанымен, әскери комиссариатқа келмеген.

    "Мұндай жағдайларда тізімдер жасалып, оларды іздестіру және әскерге шақыру орындарына жеткізу шаралары жүргізілуде. Былтыр олардың саны 37 мыңнан астам адам болды. Біз оларды әкімдіктермен және жергілікті әскери комиссариаттармен, полициямен бірлесе іздестіріп жатырмыз. Биыл бұл көрсеткіш 30 мыңнан астам адамды құрады", – деді спикер.

    Оның айтуынша, бұл 18-27 жас аралығындағы, яғни әскер жасындағы жастар.

    Қорғаныс министрлігі қанша қазақстандық әскери қызметтен жалтарып жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.