jitsu gif
Саясат

    "Болашақ депутаттар тізімі": Павлодар облысының әкімдігі сайлау төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді

    Құжаттарды қарап отырған қызметкер
    Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Павлодар облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған яғни "болашақ" мәжіліс және мәслихат депутаттары болатын кандидаттардың тізімі жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, БАҚ және әлеуметтік желілерде облыстағы аудандардың бірінде, алдағы болатын мәжіліс және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауына түсетін, негізгі және балама кандидаттардың тізімі құрылды деген ақпарат тарауда.

    Облыс әкімдігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын, облыстың қала және аудан әкімдіктері мұндай жұмыстарды жүргізбейтінін жеткізді.

    "Сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысады. Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде дауыс беруге арналған учаскелерді орналастыру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды. Парламент мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау ашық әрі адал өтуі тиіс. Бұл маңызды қоғамдық-саяси іс-шара екені сөзсіз", - делінген облыстық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

    Бұл ретте, облыс әкімдігі халықты сайлауға белсенді қатысуға және тек сенімді ресми ақпаратқа сенуге шақырған.

    "Болашақ депутаттар тізімі": Павлодар облысының әкімдігі сайлау төңірегіндегі шуға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.