jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы: Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелері жөніндегі жиында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

    "Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға баса мән беру қажет. Басты назарды қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға аудару маңызды. Әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы орташа жалақы 100 мың теңгеден асады. Жұмыс орындары бар.

    Бірақ атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды азаматтардың 60 пайыздан астамының тұрмыс жағдайы төмен. Сондай-ақ жастарды қолдау шаралары тиімді емес. Жастармен жұмыс бұқаралық іс-шаралар өткізуден аспай жатады. Ал, Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары, республика бойынша екінші орында.

    Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына қосылады. Соған сәйкес олардың саны көбейеді. Үкіметке әкімдікпен бірге қаладағы жастармен жұмысты күшейтуді тапсырамын", - деді президент.

    Мемлекет басшысы: Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.