jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Елорда үшін бұл – ұят нәрсе": Тоқаев Астана емханаларындағы медициналық қызмет сапасын сынға алды

    аурухана74
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста сөйлеген сөзінде Астанадағы медицина мекемелерін сынға алды. Президент емханаларда кезек көп екенін атап өтіп, Денсаулық сақтау министрлігіне қала әкімдігімен бірлесіп, балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады.

    Президенттің атап өтуінше, қалада медициналық қызметтің сапасына және оның қолжетімді болуына қатысты шағым көп.

    "Бұл жерде демографияны да ескерген жөн. Елорда тұрғындарының саны соңғы он жылда 2,5 есе өсті. Медицина инфрақұрылымы бұл қарқынға ілесе алмай жатыр. Емханаларда кезек көп. Перзентханаларда орын тапшы. Ондағы жүктеме қалыпты нормадан 68 пайызға артық. Сондай-ақ кейбір ауруханада санитарлық талаптар сақталмайды.

    Балалар емханасындағы қабылдау бөлмелері заман талабына сай емес. Қалада балаларға арналған жалғыз травматология пункті бар. Жарақат алған балалар сол жерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады. Үшінші көпсалалы балалар ауруханасы тек инфекциялық аурулардан емдейді. Онда хирургия, офтальмология және травматология бөлімдері жұмыс істемейді. Елорда үшін бұл – ұят нәрсе", - дейді мемлекет басшысы.

    Президент осы орайда Денсаулық сақтау министрлігіне қала әкімдігімен бірлесіп, балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуді тапсырды.

    "Елорда үшін бұл – ұят нәрсе": Тоқаев Астана емханаларындағы медициналық қызмет сапасын сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.