jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Жүрсінов
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рустам Жүрсінов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

    Кездесу барысында мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар мен отандық бизнесті одан әрі қолдау және кәсіпкерлердің мүддесін қорғау жоспары жөнінде мәлімет берілді.

    Рустам Жүрсінов президентке 2022 жылы 4408 өтініш келіп түскенін, оның 1530-ы (34 пайыз) оң шешімін тапқанын және 1030 (23 пайыз) өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сондай-ақ былтыр бизнес-омбудсмен еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерлермен кездесу өткізген.

    Уәкіл өткен жылы рейдерлікке қарсы күресті күшейтуге және бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғауға қатысты түзетулер заңнамаға енгізілгенін жеткізді.

    Президентке кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеуші саясатты енгізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің есебін қабылдап, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

    Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.