jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сыр өңірінде мүгедектігі бар 30 азамат сайлауда инватакси қызметін қолданды

    Қызылорда да 30 азамат инватакси қолданды
    Қызылордадағы сайлау учаскесі. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Сайлауда Қызылорда өңіріндегі мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Облыстағы барлық 373 учаскеде дауыс беру кабиналары қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Облыс бойынша сайлауға қатысатын 2997 мүгедектігі бар адам бар. Көру қабілеті төмен сайлаушылар үшін дауыс беру бюллетеньдерін толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар мен трафарет қойылған.

    Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 34 инватакси қызмет етеді. Оның 13-і Қызылорда қаласында, қалғандары ауданда.

    Түскі уақытқа дейін аймақта инватакси қызметіне 30 азамат жүгінген. Оның басым бөлігі – ауылдық елді мекен тұрғындары.

    Қызылорда да 30 азамат инватакси қолданды
    Қызылордадағы сайлау учаскесі. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Айта кету керек, сайлау күні облыс бойынша 42 онлайн сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметтерін көрсетуде.

    Мұнан бөлек, бірінші топтағы жүріп тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарға 2000-нан аса жеке көмекші қызмет етуде.

    Еске салайық, өңірде 373 сайлау учаскесі және 486 002 сайлаушы бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.