jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы: Мәжіліске көзқарасы әр түрлі саяси ұстанымдағы күштер келді

    VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясы
    Парламент сессиясы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында сайлау науқанын сөз етіп, мәжіліске көзқарасы әр түрлі саяси ұстанымдағы күштер келгенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

    "Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз.

    Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті.

    Мемлекет басшысы ретінде айтарым, мәжіліске көзқарасы әр түрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді", – деді мемлекет басшысы.

    Президент бұдан былай партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретінін айтты.

    "Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды.

    Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты.

    Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты", – деді Тоқаев.

    Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясын ресми түрде ашқан болатын.

    Мемлекет басшысы: Мәжіліске көзқарасы әр түрлі саяси ұстанымдағы күштер келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.