jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

    Президент Серік Жұманғаринді қабылдады
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауы. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады, деп жазады Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

    Жұманғарин президентке еліміздің сауда саласының былтырғы даму қорытындысы, үкіметтің бағаны тұрақтандыру және қазақстандықтарды отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы баяндады, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс айтты.

    Серік Жұманғарин баяндамасында президентке төмендегілерді баяндады:

    • 2022 жылы Қазақстандағы тауар айналымының жалпы көлемі – 134,4 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға көп;
    • қызмет көрсету саудасы 26,3 пайызға өсіп, 12,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның барлық негізгі сауда серіктесімен өзара тауар айналымында өсім байқалады;
    • өңделген өнімдер экспорты 26,5 миллиард долларды құрап, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Терең өңделген экспорт тауарларының тізімі кеңейіп, отандық тауарлар жаңа экспорт нарықтарына шықты;
    • Қазақстан тұрғындардың қажеттілігін 19 өнім түрінің 10-ы бойынша толық, 6 өнім түрімен 80-98 пайыз және тағы үш өнім бойынша 50-ден 68 пайызға дейін қамтамасыз етеді;
    • импортқа тәуелділікті барынша азайту үшін алдағы уақытта өңірлерде іске асырылатын ірі агрожобалардың топтамасы жасақталады.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын дамыту, қосымша құны жоғары қазақстандық тауарларды экспортқа белсенді түрде шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

    Тоқаев Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.