jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ирландия, Ватикан және басқа елдердегі елшілерді тағайындады

    Мағжан Ілиясов
    Мағжан Ілиясов. Фото: egemen.kz

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлыбритания мен Швейцариядағы елшілердің өкілеттігін кеңейтті, деп хабарлайды, Ақорда Тelegram-дағы ресми арнасында.

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

    Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Исландиядағы, Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

    Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Айта кетсек, президент жарлығымен Сержан Әбдікәрімов Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Әлім Дәуренұлы Байелді Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.