Саясат

Зектілері

Тоқаев көбіне мұнайшы болғысы келетін маңғыстаулық жастар туралы: Бұл дұрыс емес

Жарияланған күні:

Мұнай кен орны
Мұнай кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде маңғыстаулық жастардың болашағына қатысты пікір білдірді. Президент өңір жастарының мұнай саласынан басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасау қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Батыста, әсіресе, Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет.

Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек", - дейді президент баяндамасында.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2017363-toqaev-munaisy-bolgysy-keletin-mangystaulyq-zastar-turaly-bul-durys-emes/