jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Ерболат Досаев: Маған билік өкілі ретінде сыйластық танытқандарыңызды қалаймын

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәселені жолдарды жабумен шешудің орнына билікпен диалог орнатуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жиында сөйлеген аудан тұрғындарының бірінің айтуынша, ақпан айының ортасында тұрғындар митинг өткізбек болған, бірақ ер адам атап өткендей, әкімдік бұған еш әрекет етпей, тек "полиция көлігін жіберген". Нәтижесінде митингті жергілікті белсенділер тоқтатты дейді ол.

    "Әкім халыққа шығуы керек", – дейді тұрғын.

    Ерболат Досаев аудан әкімі Азамат Қалдыбековті жақтап, оның кабинетінде жасырынбағанын, жедел есеп бойынша "ауданның әр жеріне жүгіріп жүргенін" айтты.

    "Алатау – қаланың жаңа ауданы, жерді беру кезінде көптеген мәселе болды. Көп нәрсе істелді, әлі де көп шаруа бар. Адамдарды жинаңыз, келіңіз, дұрыс сұрақтар қойыңыз, біз жасаймыз.

    Соңғы кезде көріп жүрмін, бір үрдіс бар – мемлекет басшысына видеохабарлама жазу, жолдардың жабылуы... бірақ мен қалада бұлай істеуге рұқсат бермеймін. Хабарласыңыз, бірақ жолдарды жауып, басқа нәрселермен айналысу – заңсыз: сіз басқа адамдарға кедергі келтіресіз.

    Жағдайға байланысты жер төңкеріліп жатыр, "бірге шығайық" деп чатқа ұран тастайды. Кейде тура мынадай сөздер естимін: "Егер жауып тастасақ билік қайда кетеді дейсің? Келеді, бәрін шешеді" дейді. Мүлде олай емес: біз бәрін жоспар бойынша шешеміз.

    Мені естігендеріңізді қалаймын: егер билікпен диалог болса, бұл – жақсы. Мен сізден мені жақсы көруіңізді емес, маған билік өкілі ретінде сыйластық танытқандарыңызды қалаймын. Сондықтан бірлесе жұмыс істейміз, ешкім жасырынған жоқ", – деп түйіндеді сөзін әкім.

    Ерболат Досаев: Маған билік өкілі ретінде сыйластық танытқандарыңызды қалаймын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.