jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақтың кім екенін танытты": депутат әйгілі "Қара майорға" "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды

    Борис Керімбаев
    Борис Керімбаев. Фото: ktk.kz

    Мәжілістің жалпы отырысында депутат Данияр Қасқараев Ауған соғысында ерлік көрсеткен "Қара майор" лақап атымен танылған Борис Керімбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отырыс кезінде депутат Қасқараұлы Данияр премьер-министрдің орынбасары Көлгінов Алтай Сейдірұлына депутаттық сауалын жолдап, "Қара майор" лақап атымен танылған Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың ерлігіне тиісті құрмет көрсетілмей келе жатқанын еске салды.

    "Өздеріңізге белгілі, Борис Түкенұлы Керімбаевты білмейтін қазақ жоқ. "Қара майор" деген лақап атпен танылған жерлесіміз Ауған соғысында күркіреген түндей қазақ ерлігінің үлгісі болды. Иә, бұл күрделі соғыс, кеңестік майдан. Дегенмен осы жан қазақтың кім екенін танытты. Осындай ержүрек азамат әлі батыр атағын алған жоқ. Тіпті атында көше де жоқ. Борис Түкенұлының батырлығын насихаттайтын әдеби шығарма жазылып, көркем фильм түсірілген жоқ. Тарих бүгіннен ғана емес, ертеңнен де құралады", - деді ол.

    Қасқараев мұндай батырлардың ерлігін елеп-ескеріп, олардың батылдығы мен отансүйгіштігін болашақ ұрпаққа үлгі ету керек деп есептейді.

    "Неге осындай батырлар ескерусіз қалды? Бүгін қазақ әскерінің немесе сарбазының кескінін қалыптастыруда кемшін қалып жатырмыз.

    Өкінішке қарай отан қорғау ісі бүгін мақтанышты, абыройлы міндет бола алмай жүр. Бұған басты себеп - қазақ сарбазының жағымды образын жасай алмай қалдық. Біздің соғыс жайлы туындымыз Екінші дүниежүзілік соғыспен бітіп жүр. Ал аталарымыз, ағаларымыз қан кешкен Ауған соғысы өз бағасын алған жоқ. Бейбітшілік іргесі шайқалмау үшін біз бар майданда рухтық тұрғыдан сай болуымыз керек. Сол себепті Қара майор образына жаңаша қарап, батырдың ерлігін ескеріп, "Халық қаһарманы" атағын беруді сұраймыз", - деді ол.

    "Қазақтың кім екенін танытты": депутат әйгілі "Қара майорға" "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.