jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев өзінің туған күніне сыйлық беруге қарсы екені рас па: Әшімбаев жауап берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Сенат спикері Мәулен Әшімбаев палата отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевты оның туған күніне жасалған қандай сыйлық қуантатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    БАҚ өкілдері "президенттің туған күніне сыйлық беруге қарсы екені рас па?" деген сұрақ қойған болатын.

    "Рас. Президент өзі тойламайтынын айтты. Бұл ақпаратты барлығына жеткізген", деп еске алды Мәулен Әшімбаев.

    Сондай-ақ ол сенаторлардың президентке берер ең үлкен сыйы қандай екенін атап өтті.

    "Сенаторлардың атынан берер ең үлкен сыйымыз – тынбай еңбек ету және президент саясатын жүзеге асыру үшін тиімді заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау", деп қосты Әшімбаев.

    Еске салсақ, кеше, 17 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толған.

    Мерейлі күн қарсаңында мемлекет басшысының баспасөз қызметі Тоқаев өзінің туған күнінде Қытайға мемлекеттік сапармен баратынын және оның туған күніне орай ешқандай іс-шара өткізілмейтінін хабарлаған болатын. Өйткені бұл президенттің ұстанымы.

    Айта кетейік, Тоқаев бұған дейінгі туған күндерін де өткізбеген. Оның бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайтынын айтқан еді. Өйткені оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күні әдетте тойланбайтынын түсіндірді.

    Соған қарамастан, оның әріптестері – Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко және БАӘ президент шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян туған күнімен құттықтаған болатын.

    Тоқаев өзінің туған күніне сыйлық беруге қарсы екені рас па: Әшімбаев жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.