jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Жамбыл облысында ауқымды жел электр станциясын салу жөніндегі бастаманы қолдады

    Цянь Чжиминь және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Цянь Чжиминь және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қытайға мемлекеттік сапары аясындаа басқарма төрағасы Цянь Чжиминьды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ауқымды жел электр станциясын салу жөніндегі бастамасын қолдаған.

    Сонымен қатар президентке State Power Investment Corporation компаниясының Қазақстанда жел электр станцияларына арналған құрал-жабдық өндірісін іске қосу ниеті туралы мәлімет берілген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев State Power Investment Corporation компаниясының өкілдерімен кездесуде
    Қасым-Жомарт Тоқаев State Power Investment Corporation компаниясының өкілдерімен кездесуде. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Өз кезегінде Цянь Чжиминь әлеуметтік жауапкершілік аясында оның компаниясы Қазақстанның оңтүстігінде қуаты 200 ГКаллға дейін жететін жылу станциясын салуды жоспарлап отырғанын жеткізген.

    Сондай-ақ кездесуде State Power Investment Corporation компаниясының технологиялық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі мол екені ескеріліп, "жасыл" сутегі өндірісі саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылған.

    Айта кетейік, Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының қатарына кіретін State Power Investment Corporation Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы жобаларына белсенді түрде инвестиция құятын компания.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.