jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Алматы көшелерінде серуендеп, бұрын өзінің отбасы тұрған аулаға барды

    Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын өзінің отбасы тұрған үйдің ауласында
    Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын өзінің отбасы тұрған үйдің ауласында. Видеодан кадр: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқав Алматы көшелерінде серуендеп, бұрын өзінің отбасы тұрған аулаға барды. Бұл сәттің видеосын Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында бөлісті.

    "Мемлекет басшысы Алматыдағы қоғамдық көлікті диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысқаннан кейін қала көшелерінде серуендеп, бұрын отбасы тұрған аулаға барды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқав Алматыға 31 мамырда жұмыс сапарымен келген еді. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көріп, бірқатар кездесу өткізеді.

    Мәселен, бүгін президент "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.