jitsu gif
Саясат

    Қызылорда облысында биыл 2 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды

    тұрғын үй кешені
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Биыл Сыр өңірінде 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

    «Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы орта құру мәселесі басты назарда. Өңірімізде биыл 1430 пәтерлік 30 тұрғын үй халық игілігіне беріледі», – деді аймақ басшысы.

    аймақ басшысы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Тұрғын үй салудан бөлек, өңірде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым жүйелерін дамыту жобалары да қарқынды жүзеге асуда. Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстар жасалуда.

    тұрғын үй кешені
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    2023-2026 жылдар аралығында «Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау» жобасына 12 млрд теңге қарастырылуда.

    жұмысшы
    Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

    Өткен жылы 6 ауыл «көгілдір отынға» қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жеткен. Биыл 12 елді мекенді газдандырған соң бұл көрсеткішті 75 пайызға жеткізу жоспарланған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.