jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынуы мүмкін

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Клаудио Дескальци
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Клаудио Дескальци. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады. Тараптар Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу жайын талқылады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыру жоспары қарастырылды.

    Мемлекет басшысына еліміздің мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөніндегі консорциум жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта қуаты 4 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Eni S.p.A компаниясы Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі екеніне тоқталып, оның еліміздің ірі кен орындарын игеруге үлес қосқанын атап өтті.

    Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасына қатысты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен Eni S.p.A компаниясы арасындағы қағидалар туралы келісімге қол қойылды.

    Қарашығанақта қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты салынуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.