jitsu gif
Саясат

    Тоқаев дүниеден өткен Бердібек Сапарбаевтың жақындарына көңіл айтты

    Бердібек Сапарбаев
    Бердібек Сапарбаев. Фото: instagram.com/saparbayev_bm

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына қайғыра көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

    "Бердібек Машбекұлы ұзақ жылғы еселі еңбек жолында лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени өркендеуіне және өңірлерді дамытуға мол үлес қосқан еді. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын зор біліктілікпен жүргізе білді.

    Қазақстанның беделі мен мәртебесінің арта түсуіне қажыр-қайратын жұмсады. Азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленді. Соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

    Еске сала кетсек, Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

    Ол Қазақстанның бес облысын - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарын басқарды.

    Одан бөлек, премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

    2022 жылы "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

    Тоқаев дүниеден өткен Бердібек Сапарбаевтың жақындарына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.