jitsu gif
Саясат

    Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай облысындағы өртке байланысты көңіл айту хатын жолдады

    Тоқаев пен Путин
    Тоқаев пен Путин. Фото: Ақорда

    Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай облысындағы өртте адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстанның шығыс өңірлерінде орын алған табиғи апат - ауқымды орман өрттеріне байланысты көңіл айтамын.

    Төтенше апаттың қайғылы салдары еңсеріліп, зардап шеккен аумақтар қалыпты, бақуатты өмірге қайта оралатынына сенімдімін", - деді Путин.

    Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының аумағындағы өрттің аумағы қазіргі таңда ауданы 60 мың гектардан асты.

    Сонымен қатар Абай облысындағы өрттен қаза тапқан 14 адамның есімі жарияланды. Олардың бесеуінің тұлғасы анықталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.