jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұрынғыдай атүсті жауаптарыңызды қабылдамаймыз": орман өртінің ушығып кеткеніне күйінген Зайытов үкіметті сынға алды

    Ринат Зайытов
    Ринат Зайытов. Фото: Youtube / Қазақстанның парламент мәжілісі

    14 маусым күні парламент мәжілісі отырысында депутат Ринат Зайытов депутаттардың сауалына үкімет мүшелері "атүсті жауап беретінін" айтып, наразы болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ринат Зайытовтың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігі үлкен апаттардың алдын алуға қауһарсыз болып шыққан.

    "Құрметті үкімет, Әлихан Асханұлы! Менің сіздерге шұғыл депутаттық сауыл жолдауымның себебі, жоғарыдағы депутат әріптесім Нұртай Сабиляновтың жолдауын толыққанды қолдаймын. Біз Абайдағы жағдайды көзімізбен барып көрдік. Сондықтан нақты жауаптарыңызды күтеміз. Өздеріңіз білгендей, аяқ асты келген апатты жағдай 14 адамның өмірін әкетіп, 60 мыңнан артық гектар жерді өртке орап тастады...

    Бір аптадай уақыт болып жатыр міне, әлі ауыздықталған жоқ. Қаншама техника тартылады көрші облыстардан, қаншама адам келді. Ал нәтижесінде біздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік бұндай үлкен апаттардың алдын алуға қауһарсыз болып шықты. Соның себебінен президент кеше ғана Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын сынға алып, Төтенше жағдайлар министрін қызметінен босатып, облыс әкіміне сөгіс жариялады. Бұл өте орынды қадам. Алдағы уақытта да жауапты адамдардың әрбір жіберген олқылықтары қатаң қарастырылуы керек деп ойлаймын", - деді Ринат Зайытов.

    Сондай-ақ депутаттың пайымдауынша, үкімет тарапынан депутаттық сауалдарды қанағаттандырмайтын жауаптардың келгені Абай облысындағы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған.

    "Төтенше жағдайға біздің қауһарсыздығымыз түрлі депутаттық сауалға, түрлі сұрақ, хатқа "үкімет тарапынан барлығы қадағалауда, өңірлердегі өртке қарсы жағдайды қамтамасыз етуге біз дайынбыз, бәрі үкіметтің бақылауында" деген жауаптар келгенінің себебі деп ойлаймын. Ал іс жүзінде олай болмай шықты.

    Мысалы, менің қолымда да бір жауап бар Роман Васильевич Склярдың атынан келген тура осындай мазмұнда. Сондықтан алдағы уақытта бұл депутаттық сауалдардың қайсысы болсын, күллі парламенттің депутаттарының атынан жолданады.

    Сондықтан бұрынғыдай атүсті, өтірік жауаптарыңызды қабылдамаймыз, қайтарып жібереміз. Оны бірден айтып қояйын. Қажет болатын болса, осы жерге келіп жауап бересіздер нақты!", - деп түйіндеді сөзін депутат.

    "Бұрынғыдай атүсті жауаптарыңызды қабылдамаймыз": орман өртінің ушығып кеткеніне күйінген Зайытов үкіметті сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.