jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаевқа Абай облысындағы алапат өрт фактісі бойынша істің тергелу барысы туралы есеп берілді

    Берік Асылов президентке есеп берді
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Берік Асылов. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен жүргізілген қадағалау жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Бас прокурор Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады:

    • Бас прокурордың орынбасарының басшылығымен құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған;
    • тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетін болады.

    Сонымен қатар резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу және қоғам мүддесін қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімет берді:

    • әлеуметтік-экономикалық салаларды тексеру нәтижесінде 11 мың адам түрлі деңгейде жауапқа тартылған;
    • тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін бюджетке 10 миллиард теңге қайтарылған;
    • сотта 15,2 миллиард теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалған.

    Бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады:

    • Бас прокуратураның бастамасымен 2 мыңға жуық кәсіпкерге заңсыз тексеру жүргізуді көздеген әртүрлі министрліктің 9 бұйрығының күші жойылған;
    • 2,5 миллиард теңге өндіріп алу жөніндегі 21 мың салық бұйрығы заңсыз деп танылған.

    Қылмыстық ахуал және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

    Мемлекет басшысы Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

    Тоқаевқа Абай облысындағы алапат өрт фактісі бойынша істің тергелу барысы туралы есеп берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.