jitsu gif
Саясат

    Оңтүстік Корея Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге көмектеседі

    Абай облысындағы орман өрті
    Абай облысындағы орман өрті. Фото: t.me/qr_tjm

    Орман секторындағы AFoCO Азиялық ынтымақтастық ұйымы Қазақстандағы ормандарды қалпына келтіруге және өрттердің алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

    Телеарна мәліметінше, мұндай келісімге Сеулде мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің осы ұйымның вице-президентімен кездесуінде қол жеткізілген.

    Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қоршаған орта және дамуы жөніндегі парламенттік конференциясына қатысу үшін Кореяға барған.

    Мәжіліс депутаты басқа мемлекеттерден келген әріптестеріне Қазақстанның климаттың өзгеруіне қатысты қандай шаралар қолданып жатқаны жөнінде баяндады.

    "Корея өзінің орман алқаптарын қайтадан қалпына келтіру үшін осы 50-60 жылда 11 млрд ағаш отырғызған екен және 2,5 млн гектардай орман алқабын қалпына келтірген. Осыған байланысты корей тарапына олардың мол тәжірибесін біздерде пайдалану жөнінде ұсыныстар бердік. Тренигтер өткізу, олардың технологиясын пайдалану немесе басқа да қажетті мүмкіндіктерін бізге әкеліп көрсетсе, біздің азаматтарды шақырып, осы жерде іс-тәжірибеден өткізу секілді мәселелер талқыланды", - деді парламент мәжілісінің комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.