jitsu gif
Саясат

    Тоқаев: "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайтаруды қолдаймын

    Тоқаев құрылтайда
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрылтайда сөз сөйлеу сәті. Фото: Telegram/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мереке Құлкеновтің "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайтару туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Ол бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысы кезінде сөз қозғады, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жалпы мен мемлекет басшысы және азамат ретінде қазақ әдебиетін әрдайым қолдаймын. Туындылар оқырмандарға қолжетімді болуы керек деп ойлаймын. Ал, жазушыларымыздың шығармалары халық арасында, әсіресе, жастар арасында сұранысқа ие болуы керек. Мұның бәрі – мемлекеттің ғана емес, жазушыларымыздың да міндеті", - дейді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы осы орайда "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайтару ұсынысын қолдайтынын алға тартты.

    "Оқырман қауым қаламгерлерден халыққа рухани азық болатын тың дүниелер күтеді. Жазушылар одағы осы жұмысқа ұйытқы болады деп сенемін. Осыған байланысты, мен Мереке Құлкеновтің "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайтару туралы ұсынысын қолдаймын. Бұл атақ атына – заты сай, лайықты, туындылары арқылы халық сүйген жазушыларға ғана берілуі керек деп санаймын", - деді президент.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.