jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін": Тоқаев мемқызметшілер мен полицейлерді құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметші күніне және Полиция күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды.

    Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін", – деп жазды құттықтауында мемлекет басшысы.

    Айта кетейік, биыл қазақстандық полиция 31 жылдығын атап өтеді.

    ІІМ ресми сайтының мәліметінше, 1992 жылғы 23 маусымда Жоғарғы кеңес "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. Бұл Қазақстан тарихында полицияның міндеттері мен функцияларын, оның құқықтары мен функцияларын анықтаған, полицияның практикалық қызметі үшін құқықтық алаңды қалыптастырған алғашқы акт болды.

    "Ішкі істер органдары қызметінің негізгі қағидаттары ретінде заң жариялылықты, заңдылықты және ең бастысы азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен сақтауды бекітті", - делінген материалда.

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай платформасында, 23 маусым-әлемнің барлық мемлекеттік қызметкері үшін бірыңғай кәсіби мереке екені көрсетілген.

    2002 жылдың 20 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеяның 57 сессиясында 23 маусымда БҰҰ Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы резолюция қабылдап, БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді осы күнді әрбір елде бекітуге шақырды.

    2013 жылы президенттің жарлығымен Қазақстанда бұл күн мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді.

    Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметте 84 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның 55 пайызы - әйелдер. Мемқызметшілердің жартысынан көбі, яғни, 52,7 пайызы орталық мемлекеттік органдарда еңбек етеді.

    "Қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін": Тоқаев мемқызметшілер мен полицейлерді құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.