jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Ұсыныс күйінде қалды": Берік Әбдіғалиұлы бірқатар облыс атауын қазақшалауға қатысты пікір білдірді

    Берік Әбдіғалиұлы
    Берік Әбдіғалиұлы. Фото: ortcom.kz

    Ұлытау облысында өткен көшпелі баспасөз конференциясында өңір әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қазақстанның кей облыстарының атауын қазақшалау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Көшпелі баспасөз конференциясында БАҚ өкілі Берік Әбдіғалиұлына өзінің ақпан айында білдірген ұсынысын еске салды.

    "Ақпан айының соңында сіз Қазақстанның бірқатар облысының атауын өзгерту туралы ұсыныс білдірген едіңіз. Мұнымен әріптестеріңіз онша келісе қоймады. Ал облыстағы қалалардың атауын қазақшалау ойыңызда жоқ па", - деп сұрақ қойды журналист әкімге.

    Берік Әбдіғалиұлының сөзінше, бұл ұсынысын ол "Қазақ тілі" республикалық қоғамының төрағасы ретінде білдірген.

    "Сіздер менің республикалық "Қазақ тілі" қоғамының жетекшісі екенімді білесіздер. Ғылыми конференциялардың бірінде мен өз ойымды білдірдім. Бұл менің жеке ойым. Бұл туралы мен бұған дейін де өзімнің қоғамдық жобаларымда айтқанмын. Менің ұсынысым сол ұсыныс күйінде қалды", - деді Берік Әбдіғалиұлы.

    "Ұсыныс күйінде қалды": Берік Әбдіғалиұлы бірқатар облыс атауын қазақшалауға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.