jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды (фото)

    Мемлекет басшысының қолынан марапат алған БАҚ өкілдері
    Мемлекет басшысының қолынан марапат алған БАҚ өкілдері. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 маусымдағы өкімімен:

    Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

    • "31 арна" телеарнасының тілшісі Әлімжанова Ирина Советжанқызына;
    • "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы Балажан Абайға;
    • "Казахстанская правда" газетінің тілшісі Вологодская Галина Юрьевнаға берілді.

    Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

    • "Orda. kz" ақпарат порталының тілшісі Астахов Илья Дмитриевичке;
    • "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Балтабаев Әділ Серікұлына;
    • "Tengrinews. kz" ақпарат порталының тілшісі Дүйсенғұлова Рабиға Табиғатқызына;
    • "Qazaqstan" телеарнасы ақпараттық-сараптамалық дирекциясы директорының орынбасары Омаш Саламатқа тапсырылды.

    Қазақстан президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысы:

    • "Время" газетінің шығармашылық ұжымына;
    • "Қызылжар-Ақпарат" ЖШС-ның шығармашылық ұжымына;
    • "Kaztag" ақпарат порталының шығармашылық ұжымына;
    • "TDK-42" телеарнасының шығармашылық ұжымына жарияланды.

    Тоқаев БАҚ өкілдеріне сыйлықтар мен гранттар тапсырды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.