jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасына тапсырма берді

    Нұрлан Жақыпов мемлекет басшысының қабылдауында
    Нұрлан Жақыпов мемлекет басшысының қабылдауында. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын одан әрі дамыту перспективалары қарастырылған.

    Атап айтқанда, корпоративтік басқару есебінен портфельді компаниялардың тиімділігін арттыру, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және сатып алулардың ашықтығы есебінен импортты алмастыру, сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесіп инвестиция құю мәселелері қаралған.

    Сонымен қатар Нұрлан Жақыпов мемлекет басшысына қор тобы активтерінің құнын көтеру жолдары туралы, сондай-ақ қор қызметінің күтілетін нәтижесі, маңызды жобалар мен жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде баяндаған.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Жақыповқа инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруға, қордың құрамындағы компаниялар тобы қызметінің тиімділігін жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.