jitsu gif
Саясат

    Түркістан қаласының аумағы ұлғаяды

    Фото
    Фото: Елбасының ресми сайты

    Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының шекарасын кеңейту жоспарлануда. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2- тармақшасына сәйкес үкімет басшысы жаңа қаулыға қол қойды.

    "Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін", - делінген Смайылов қол қойған үкімет қаулысында.

    Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің мәліметінше, Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 29 шілдеде күшіне енеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.