jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Роман Скляр: Бестөбе кенiшiнде су сору жұмыстары басталады

    Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы жылы қалада мерейтой болатынын атап өтті
    Фото: Kazakhmys Holding

    Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Primeminister.kz сайтының хабарлауынша, вице-премьер жылыту маусымына дайындық барысына және Көкшетаудағы су жүйесін тазарту құрылысы жобасының жүзеге асырылу барысына баға берді.

    Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы жылы қалада мерейтой болатынын атап өтті. Көкшетауға 200 жыл толады. Бүгінде қаланы абаттандыру бойынша үлкен жоспар бар.

    Одан әрі Бестөбе ауылы тұрғындарының бастамашыл тобымен кездесу өтті. Ауыл тұрғындары жұмысқа орналасу бойынша және кеніштің болашағына қатысты сұрақ қойды.

    «Қазақалтын» ЖШС қызметкерлеріне қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары және басқа да белсенді жұмыспен қамту шаралары, сонымен қатар 6 айға дейін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылар ұсынылды.

    Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алдағы жылы қалада мерейтой болатынын атап өтті
    Фото: Kazakhmys Holding

    Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе үкіметтің бақылауына алынғанын хабарлады.

    «Біз заң шеңберінде және халықтың мүддесі үшін әрекет етеміз. Тамыз айында Бестөбе кенішінде сорғылар мен құбырлар орнатылғаннан кейін суды сору жұмыстары басталады», - дейді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

    Қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы кезеңіне 320-дан астам адам жұмылдырылған. Бестөбе кенішіне иелік ететін «АК Алтыналмас» АҚ-ның мәліметінше, су тартылып, жаңа тау көкжиегіне өту мүмкіндігі ашылғанда жергілікті тұрғындар арасынан қосымша 300-ге жуық кенші жұмысқа тартылады. Кәсіпорынды қалпына келтіру үшін толық жалақы берілетіндей қажетті мөлшерде жұмысшылар алынады. Қалған жұмысқа тартылмаған азаматтарға «АҚ Алтыналмас» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясының басқа өндіріс орындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.

    «Облыс әкімдігі жұмыссыз қалғандарды жұмыспен қамту үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деп түйіндеді сөзін Роман Скляр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.