jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды

    Ерболат Досаев тұрғындарды құтқарған азаматтарды марапаттады
    Ерболат Досаев тұрғындарды құтқарған азаматтармен. Фото: t.me/almaty_akimat

    Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде адамдарды құтқарған азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Бұл туралы Алматы әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Мемлекет басшысының жарлығымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін "Ерлігі үшін" медалімен келесі азаматтар марапатталды:

    • Тілеужан Ахметханов, "Expo Masters" ЖШС менеджері;
    • Гюнай Шюкрю, "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі;
    • Эльдар Исмаилов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
    • Йерделен Халил, "Gask Construction" ЖШС автокран операторы;
    • Кенан Мамедов, "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі;
    • Вадим Романов, "Frank-Asia" ЖК автокранының операторы.

    Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен азаматтарға алғыс айтты.

    "Бұл қайғылы оқиға халқымыздың өзгелер үшін бей-жай қарамайтынын, жанашыр әрі тәуекелге баруға дайын екенін көрсетті. Мен сол бір табиғи апат күні оны айналып өтпеген, өрт сөндірушілерге көмектесуге асыққан барлық жанға алғысымды білдіремін", - дейді Ерболат Досаев.

    Сонымен бірге қала әкімі өртті кәсіби әрі жедел түрде ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

    Алматыдағы "Ақкент" шағын ауданындағы өрт кезінде тұрғындарды құтқарған азаматтар марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.